Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы халықтың өтініштерін телефон және «whatsapp», «viber» мессенджерлері арқылы қабылдайды

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2016
  • 2528

Жыл басынан бері отыз мыңнан астам азамат «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына хабарласқан. Олардың көбі партияның көмегімен құзырлы органдардан жауап алып, әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік алды. Партияның республикалық қоғамдық қабылдауына келгендер министрлік өкілдерімен жүзбе-жүз кездесіп, жеке мәселелердің шешімін біріге іздестіреді. Мәселе қабылдауды қай министрлік жүргізетініне байланысты қарастырылады. Қабылдау бейнебайланыс арқылы өңірлерден де өтініш-шағым қабылдайды. Заң аясында шешілуі мүмкін мәселелер құзырлы органның назарына алынып, оның орындалу барысы партияның қадағалауында болады. Бұл жолы азаматтардың сұрағына Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері жауап берді.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының меңгерушісі:

Мысалы, 2016 жылдың басынан 33 мыңнан астам өтініш түсті. Әрине, соның әрбір бесінші өтініші баспана және жер телімін алу болды. Біз өтініштерді құзырлы органдарға жібереміз. Ол кісілер әрбір өтінішті қарап, соған сәйкес шешім қабылдайды.

Партия дәстүрлі қабылдаулардан бөлек, заман талабына сәйкес телефон арқылы және түрлі әлеуметтік мессенджерлер арқылы сұрақтар қабылдайды. Мәселен, «whatsapp», «viber» қызметтері арқылы заң бұзушылық, жемқорлық факторлары тіркелген бейнені де партияға жолдауға болады. Одан бөлек, аталмыш байланыс арқылы мемлекеттік органдар қызметіне қатысты пікір қалдырып, кеңес беруге де мүмкіндік бар.

Хамитжан Аюпов, «Нұр Отан» партиясының жедел желі қызметінің жетекшісі:

3157 телефондық өтініштер түскен. Және аталған мессенджерлерге 3244 өтініштер түскен. Одан басқа айта кететін мәселе, ағымдағы жылдың 25 сәуірінен 27 мамырына дейін жер мәселесі бойынша 45 өтініш түсіп, тиісті мемлекеттік органдар, оның ішінде құқық қорғау органдарына жолданып, тиісті шара қолданғаннан кейін бізге жауаптар беріледі.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ