Бір
аптадан бері креслосы бос тұрған Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смайылов
тағайындалды. Бұл туралы бүгін президент жарлығы шықты. Ол соңғы 4 жыл бойы
Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі қызметін атқарды. Оған дейін Статистика
агенттігінде төраға болды. Сыртқы істер министрлігі мен Қаржы министрлігінде де
вице-министр болып қызмет етті. Сондықтан қазына қаржысына жауапты шенеунік
үшін бұл сала таңсық емес.