Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Қаржы министрін тағайындады

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2018
  • 2699

Бір аптадан бері креслосы бос тұрған Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды. Бұл туралы бүгін президент жарлығы шықты. Ол соңғы 4 жыл бойы Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі қызметін атқарды. Оған дейін Статистика агенттігінде төраға болды. Сыртқы істер министрлігі мен Қаржы министрлігінде де вице-министр болып қызмет етті. Сондықтан қазына қаржысына жауапты шенеунік үшін бұл сала таңсық емес.