Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана әкімі жұмысқа жаяу барады

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2018
  • 2169

Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу барады. Астананың жаңа әкімі бұл тұрғыда Әсет Исекешевтен асып түсті. Экс-әкім күллі әкімдікті таксиге отырғызып кеткені мәлім. Сұлтанов мұны оң бастама ретінде бағалап, өз жалғасын табатынын айтты.

"Бұрын да жұмысқа жаяу баратын едім. Қазір де үйім жақын болған соң айналып баратын болдым. Жаңа жұмысымда көмек. Көшелерді аралап келгенде біраз кемшіліктерді қарап. Әкімдіктегі қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беруге мүмкіндік".

Сұлтанов Фейсбукте жоспарларымен бөлісіп, қала тұрғындары алдында сүйкімі артқан бұрынғы әкімнің ізін басуға тырысамын деді. Әлеуметтік желіде жеке парақшасы да бар. Онда тарайтын қағытпаларға түсіністікпен қарайтынын айтты.

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

Жел тұрмаса, шөптің бас қимылдамайды. Кез келген келемеждің астары бар. Қайық туралы мем орынды. Қазірде Астанадағы басты проблема су ағарлар жүйесінің дұрыс істемейтіні екені рас.