Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет ломбардтарды қаржыландыруы қажет - Тұрсынбек Өмірзақов

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2018
  • 3475

Үкімет ломбардтарды мемлекеттік бағдарламалар секілді қаржыландыруы керек. Кіріс комитеті мен Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Ломбардтар қауымдастығының төрағасы осылай деді. Ал оларды реттеу мен лицензиялауға қатысты Ұлттық банк жауабы болмады. Бас банк өкілдері бұл жиынға келмеді.

Тұрсынбек Өмірзақов, Қазақстан ломбардтары ұлттық қауымдастығының төрағасы:

Біздің 80 пайызымыз - кіші бизнестің кісілері. Солар өздерінің кіші бизнесіне ақша алады. Ломбардтарды дамыту керек. Ломбардтарға басқа банкілер секілді  ақша бөлу керек үкімет қорынан. Сонда халыққа кішкентай процентпен таратуға мүмкіншілік болады.

Сондай-ақ елде қолды болған қалта телефондардың 20 пайызы ломбардтардан табылады. Осылай деген ломбард иелері полицейлермен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Ол үшін Ішкі істер министрлігінің базасынан ақпарат алуға рұқсат сұрап отыр. Бұл қабылданатын құнды заттардың ұрланбағанына көз жеткізу үшін қажет. Сондай-ақ кәсіпкерлер мүлік өткізетіндердің саусақ таңбасын, тіпті қажет болса, оларды суретке де түсіруді ұсынды.