Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл уран сату көлемі соңғы үш жылдағы көрсеткіштен 70 процентке артады - Ғалымжан Пірматов

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2018
  • 2960

Биыл уран сату көлемі соңғы үш жылдағы көрсеткіштен 70 процентке артады. Бұл «Қазатомөнеркәсіп» тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Бүгін Елбасы қабылдауында болған Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов осылай деді. Ол компанияның енді әлемдік нарықта сату көлемі жөнінен ірі кәсіпорынға айналатынын да атап өтті.   

Ғалымжан Пірматов, ««Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы:

Өндіріс көлемін қысқарту туралы өткен жылғы шешімге қарамастан, біз әлемдік нарықтағы үлесімізді арттырып жатырмыз. Енді өндіріс көлемі жағынан ғана емес, сату көлемі жөнінен де алпауыт кәсіпорынға айналмақ ниеттеміз. Биыл төленетін дивиденттер былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе артады деп жоспарлап отырмыз.