Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан қосымша құны бар тауар айналымын арттыруы керек

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2018
  • 3433

Қазақстан Өзбекстанмен бірігіп, қосымша құны бар тауар айналымын жандандыруы керек. Бұл туралы бүгін екі елдің делегациялары қатысқан  халықаралық конференцияда Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары айтты. Ол көршілермен технологиялық өндірісте, мәселен, машинақұрастыру ісінде бірігу қажет деп отыр. Өйткені, Қазақстан мен Өзбекстан экономикасының даму жолындағы мақсаты бір.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі елдің тауар айналымы 2 млрд долларға жеткен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Алдағы уақытта айналым соммасын 5 млрд-ға жеткізу жоспарда бар. Қазақстанның Өзбекстанға экспорт көлемі 2017 жылы 1,3 млрд. долларды құраған. Ал көршілерден келген тауар көлемі 735 млн-ға жетіп, 25 пайызға өскенін көрсетті.

 Санат Көшкінбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

Біз қосымша құны бар тауар айналымының артқанын жөн санаймыз. Әсіресе өнеркәсіп өндірісінде мол мүмкіндік бар. Біздің елдердегі шикізат экспорты мен айналымда мәселе жоқ, нақты технологиялық өндірісті, автокөлік өндірісін бірігіп дамытуымыз керек. Қазіргі таңда Қостанайдағы машина құрастыру зауытында өзбек автокөліктерінің жиынтығы бар. Бұл бастамасы ғана. Алдағы уақытта көршілердің брендтік автобустарын құрастыру бойынша бірігіп жұмыс істеуге болды.