Русский Сайттың толық нұсқасы

Су. Павлодарда үйлері суға толғанына бірнеше жыл болған шағын аудан бар

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2018
  • 2698

Павлодар қаласында 2-Павлодар деген шағын аудан бар, негізінен жер үйлер. Соңғы жылдары осы аумақтың үйлері көлкіген судың астында қалады: жерасты су көтерілгендіктен жауын жауатын көктем мен күзде баспаналарының асты суға толады, көбі погреб дегенді ұмытқан. Тиісінше, бау-бақша салуды қойған. Ең жаманы - үйлері іргесінен үгітіліп, отырып жатыр. Билік құм, топырақ әкеліп көмектескен сияқты болады...Басқа, басқа, адамның тұрып жатқан шаңырағының керегесі қисайып, оты бойды жылытпаса, ондай тірлік «ит тірлік» емей немене? Әсемгүл Мұхитқызының репортажы.

- Вот опять вода, сегодня опять затопила нас. Невозможно ходить. Во всех комнатах. Ходить опасно... 

Бұл жаздағы қатты нөсерден кейінгі Сағындық Сарбасовтың үйіндегі көрініс. Белуардан су кешіп, тұруға мүмкіндік болмағандықтан ол баспанасын тастап кеткен. Қазір пәтер жалдап тұрады. Басқа амалым қалмады  дейді.    

-Мына ара Бақауовтың көзінше құлады. Ничего такого страшного дейді, ал?! Нормальный әкім соны айтады ма?

Ақ сарайдай төрт бөлмелі үйінің қазіргі сыйқы осы. Сау-тамтығы қалмаған. Едендері шіріп, қабырғалары қопсып жатыр. Іргетесы отырғандықтан, жауын жауса көшедегі бар су осында кіреді,-дейді.

 - "Сәлем, менің үйіме қашан көмектесесіз?"- дедім. Бүгін жаздым. "Сәлеметсіз бе, менде қазір цемент бар, сізге цемент керек пе?"- дейді. Ол цемент қазір қатып қалады, дұрыс па?

Сағындық аға бұл үйді 20 жыл бұрын сатып алған. Бірнеше жыл бұрын баспанасын 60 мың доллорға сұрағанда, сатпапты. Жасым ұлғайғанда, жер үй ыңғайлы еді,-дейді. Алайда соңғы үш жыл «ит тірлік» кешуде. Еріген қар мен жерасты суымен арпалысудан шаршаған.

Сағындық Сарбасов, Павлодар қаласының тұрғыны:

Осы көшенің басында екі жерде екі дренаж болды да, судың деңгейін ұстап тұрды. Күні-түні качаттап. Басында кісісі болды. Сол дренажды алып тастап, шенеуніктер мына жақта Минин көшесінде екі коттедж салып алды. Содан кейін проблема басталды. Көзіміз судан ашылмайды.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

2-Павлодар шағын ауданының кей үйлерінің жертөлелесінің асты дәл осындай көлкіген су. Бейне «Венеция» деп қаларсың. Тұрғындар амалсыз суға киетін арнайы етікпен жүруге мәжбүр. Кей күндері судың деңгейі 30 см-ден 50 см дейін көтеріледі дейді.

Ал, мынау Деров көшесіндегі 33-ші үйдің жертөлесі. Үй иесі Александрдың сөзінше, ылай судың тартылмай тұрғанына жарты жылдан асқан. Бірер күн бұрын 8 тонналық үш көлікпен жайылған суды сорғызыпты. Бірақ жерасты суы кетер емес.

- Печька, ну вот, в воде вся полностью стоит. Колодцы сыпется вон, рассыпается из-за воды. Все сырое, дома обогреватели. Греемся.

Александрдың ендігі мақсаты суда қалған пешті жоғарыға шығару. Тек оны қалай жасайтынын білмей дал. Күн суытса, су қатады. Ол кезде пешті орнынан қозғалту мүмкін болмас.

- По наследству от дедушки остался. Дед старался, строил. Продовать жалко. Отдавать кому-то, тоже жалко. Хочу жить. Но пока не получается. Выживаем.

Жертөледегі судың кесірінен үй іргесі сөгіліп, қабырғада жарық пайда болған. Оны қалыпқа келтіруге Александр құлықсыз. Айтуынша, аумақтан су кетпей, жөндеу жүргізудің еш пайдасы жоқ. Босқа шығын.

- Міне, анау күні тіпті полный болды. Кішкене кетеді. Тағы қайтып келеді. Банкалар плавали.

Көрсеттіңіздер ме мынаны? Келді ме біреулер тексеріп?

- Көрді, жөндеп қарамады.

Полный был, капитально. Боимся она развалится этот дом. Кому писать? Куда идти? 

Сағадат ағаның үйі екі деңгейлі. Алайда төменгі қабатты жауып тастапты. Ол жақ көлкіген су. Сыз тартқан баспананы кептіру үшін қысы-жазы пеш жағуға мәжбүр. Өйткені қолында бес немересі тұрады. Балалар ылғал мен көгерген иістен жиі сырқаттанады.

Сәруәр Болатова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Педиатр шақырамыз. Жөтел ылғи. Скорый шақырамыз. Бізде өзімізде 5 немере бар. Кішкентайы 1 жаста, үлкені 9-да. Бәрі ауырады. Біреуінде бронхит.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

2-Павлодар аумағындағы жерасты суының бағытын өзгерту үшін мұнда ені 40:40 метрді құрайтын осындай қазандық құрылысы басталған. Мамандар бұл нысан су жинақтайтын кешен қызметін атқарады деп отыр. Бұл жерге жерасты суымен қоса, жауын шашын мен еріген қардың суы да құйылатын болады.

 Қазылған алып шұңқырдың тереңдігі 5 жарым метр. Топырақ жылжып кетпеуі үшін, жиегі кесек тастармен бекітілген. Шенділер тіпті аумақты абаттандырып, бұл жерді демалыс орнына айналдыруды жоспарлаған. Ал қазандық құрылысына бюджеттен 50 млн теңге бөлінген. Алайда мәселе мұнымен шектелмейді. Жергілікті билік қалың судың қайдан келгенін білу үшін жер қыртысын зерттейтін компанияны іздестіруде.

Қанат Желдібаев, Павлодар қалалық ТЖ және азаматтық қорғаныс бөлімнің басшысы:

Қазіргі уақытта бізге гидрозерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Яғни, қалың судың қайдан, не себепті келгенін білу қажет. Неліктен су елді-мекенге қарай бағыт алды деген сауалға жауап алуымыз керек. Бәлкім, жер астында ойық пайда болған шығар. Өйткені, жер қыртысы үнемі қозғалыста ғой. Зерттемей, ештеңе айта алмаймыз.

Су деңгейі көтерілген 8 көшеге орталықтандырылған кәріз жүйесі салынады. Аумаққа сорғызу станциялары орнатылып, суағарлар тартылады, деп жоспарланған.

Қанат Желдібаев, Павлодар қалалық ТЖ және азаматтық қорғаныс бөлімнің басшысы:

Қазандыққа жақын үйлерде болдым. Арнайы кіріп сұрадым. Су деңгейі барынша төмендепті. 2-2 жарым метрге дейін. Жерқоймада су жоқ, бірақ топырағы дымқыл. Меніңше, қазандық толық іске қосылғанда су деңгейі түседі.

Судан қатты зақымданған 10 үйге құрылыс материалдары, құм, цемент, қиыршық тас негізінде жәрдем беріліп жатыр. Алайда, көлкіген судың кесірінен шаңырағы «шайқалып», үйінің «берекесі» қашқан бұқара «ит тірліктен» тоз-тозы шыққанын айтып, қапаланады.

Сағындық Сарбасов, Павлодар қаласының тұрғыны:

Халықты қинауға қолдары жетеді, халыққа көмектесетін басшы жоқ. Бәрінің қамы өзінің соқа бастары. Сайын далада осыдан 60 шақырым жерге асфальт салады, көшеде асфальт жоқ. Аздап жаңбыр жауса осы бүткіл көшенің суы менің үйіме келеді.

Әсемгүл Мұхитқызы, Нұрлан Әлмұхамбетов «Біздің уақыт»