Русский Сайттың толық нұсқасы

А.Мырзахметов: Жолдауда нақты стратегиялық бағыттар айқындалды

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2015
  • 1078

«Нұр Отан» партиясы Жолдауда көрсетілген барлық тапсырмаларды жүзеге асыруда қозғаушы күш болуы тиіс. Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында Елбасы бұл құжат партияның барлық мүшелерінің қызметіне негіз болуы керектігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, партияға мүше депутаттар Елбасы Жолдауын халыққа жан жақты түсіндіріп, заңнамалық тұрғыдан жүзеге асыруға белсене ат салысуы керектігі де айтылды.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, нұротандықтар бұл іске сақадай сай отыр, дейді. Ол сондай-ақ Елбасы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында нақты қандай шаралар атқарылу керектігі мен стратегиялық бағыттарды қадап көрсетіп бергенін айтты. «Президент Жолдауын халық маңызды құжат ретінде күтетін болған. Бұл өте маңызды», - дейді Асқар Мырзахметов. Бұл жолы да мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауап берді, деп есептейді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасының сол халыққа жолдаған 5 реформасы, сол 5 реформаны іске асырудағы нақты 100 қадам, осының аясында атқарылатын жұмыстарды осы Жолдау тағы нақтылап отыр. Ең бастысы, мен ойлаймын, қазір дағдарысқа байланысты көпшіліктің көкейінде алаңдаушылық болатын болса, сол алаңдаушылықтардың бәріне толығымен жауап берілді деп есептейміз. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ