Русский Сайттың толық нұсқасы

Уайымсыз жандар

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2015
  • 2876

Адамдардың тынысы ашылатын сәттің бірі – жанына жағатын іспен айналысқанда. Ал егер ол табыс көзі болса, тіпті рахат. Жаныңа жағатын іс көп ретте сол іске өзің қожайын болғанда ғана. Адамның табиғаты сондай – өзі дегенде өгіз қара күші бар. Ең басты  плюсі – дағдарыс уақыты туды, жұмыстан шығып қалмаймын ба, қысқартылып кетпеймін бе- деп уайымға салынбайды. Жұмысқа амалдың жоқтығынан бармайды.

Жалпы, адамдардың барлығында дерлік арман бар. Ой бар. Жоспар бар. Бірақ  көбіміз перспективалық жоспарлармен өмір сүреміз. «Өйтеміз, бүйтеміз» деп. Ал уақыттың сіздің жоспарыңызда шаруасы жоқ – ол есептелген уақытты бір секундқа да ұзартпайды... Бізде де жанына жағатын іспен айналысып, одан табыс тауып отырғандар бар. Мүмкін глобус шығармайтын шығар. Әйтсе де. Қайдағы глобус дейсіз бе? Азамат Алдоңғаров әңгімелеп береді. Әйтпесе қысқарту, жекешелендіру, одан қалса, содырлар, санкциялар – шаршатып жіберді...

«Жаның қалайтын жұмыс тапсаң, саған өмірі қиналып жұмыс істеудің қажеті болмайды». Біздің заманымызға дейінгі дәуірде дүние салып кеткен Қытай абызы Конфуций қарияның қанатты сөзі, өз алдыңа жұмыс істеудің дұрыстығына меңзейді. «Мемлекеттің сыртқы экономикалық шоктарға тәуелсіз болуы, жалпы ішкі өнімдегі бизнес үлесі басым болуы керек» деген сынды бас қатырар экономикалық ілім болмаған заманда айтылған сөз. Ол заманда адамзатқа «бизнес» десең жейтін нәрсе ме деп қарар ма еді? Қалай десек де, дана сөзге құлақ түрген қазіргі Қытайдың қандай халде екенін білеміз.

Хош, өз заманымызға оралсақ. Қай мемлекеттің азаматы екені белгісіз, ол маңызды да емес, Питер Беллерби деген жігітті, қиялы, әкесінің мерейтойына глобус сыйлау керек деген шешімге әкеліп тірейді. Сөйткен жігіт дүкен аралап, керекті глобус іздеп аяқ тоздырады. Ештеңеге көңілі толмаған ол, сол глобусты өз қолымен жасап шықпаққа бел буады. Өстіп барып, бұл істі жаны сүйіп, бір реттік ермегін қомақты табыс әкелетін кәсіпке айналдырады. Бұндай мысалдар тере берсең жетіп артылады. Біз сізге глобус шығарып, тыңға түрен сал демейміз. Ендеше Қазақстанда жүріп, жанына жақын ермекті қалта қампитар кәсіп еткен азаматтарға құлақ түріңіздер.

ШУ Павлодар құммен сурет салған жігіт

Өнердің бұл түрін көпшілік ғаламтор бетінен көріп, таңдай қаққан еді. Сол көпшілік таңдай қағып, таңданып отырғанда Виталий есімді керекулік жігіт, бұдан дап-дайын бизнес идея көреді.

Виталий Вебер, кәсіпкер:

Қалада жас кәсіпкерлер арасында байқау өтіп жатты. Құммен сурет салу жобасын ұсынып, грант ұтып алдық.Барлығы содан басталды.

Сол бастағаннан Виталий достарымен павлодарлық жас жұбайлардың қазір сәнге айналған махаббат оқиғасын құммен бейнелеп жүр. Бұл компанияның қалада бәсекелестері жоқ. Бір жылда орташа есеппен 200-дей шараға қатысатын көрінеді. Виталийдің бір тойға бір қап құмын сүйреп баруы - тапсырыс берушінің қалтасын 25 мыңға жұқартады.

Виталий Вебер, кәсіпкер:

Жұмыс интернеттен жапондық суретшінің құммен сурет салып жатқанын көруден басталды. Бірден қызығып, тәуекелге барып, қолға алдық.+Бұл кімге керек, бұнымен қалай күн көрмексіңдер деп, артқа тартпақтағандар көп болды. Бірақ кейін жоба табыс әкеле бастаған кезде ол скептиктердің аузына құм құйылды.

ШУ әндетіп тігіп отырған

Таныс болыңыздар. Бұл Алтынай Орынбасарова. Жасы 67-де. Алайда зейнеткер үйде отырып-ақ біз бен сізден артық ақша табады.

Алтынай Орынбасарова, тігінші:

Жетінші класста алып берді әкем осы іс машинаны.+Ол жылдары енді жаспыз ғой, оқушымыз, қызығушылығымыз содан оянды.

Бала ермекті, Алтынай Орынбасарова өмірлік кәсіпке айналдыра білді. Қазір Орал бойы іздеп келетін клиенттеріне құрақ тігіп, теңге табады.

Алтынай Орынбасарова, тігінші:

Ұзатылып бара жатқан қыздарға тігемін көбіне. Құрақтай құралады дейді ғой бастары. Бастары біріксін деп осы құрақ көрпені сұрайды. Шай көрпесін сұрайды. Соларға тігемін үйден отырып алып.

Алтынай апа тіккенін базар аралап саудаламайды. Ұзатылған қызына жасау іздеген кезекті танысы, әңгімеміздің дәл үстінен түсті.

ШУ клиентпен сұхбат:

«Меруерт деген сіңілімнің кенже қызы тұрмысқа шығып жатыр соған бір әдемі сыйлық керек еді.»

Алтынай Орынбасарова, тігінші:

Үйден осындай бір, тіпті аша алмаса да цех бірдеңе, үйден тігуге болады қазір. Барлық жағдай жасалған, дүкенде әйтеуір барлығы бар. Барлығы сатылады тігіп жатса. Үйден осылай жәйлап тігіп, шамам келгенше осылай істеп отырғанды жақсы көремін. Құрақ тіккеннен ләззат аламын. Біртүрлі арқамнан жүк түскендей қуанып, жақсы шықса сөйтіп отырамын.

Апамыздан «айына қанша табасыз» деп сұрауға ыңғайсыздандық. ГРАФ: есесіне онлайн дүкеннен құрақ көрпеге іздеу салдым. Ою-өрнегі келісті көрпенің орташа құны 15 мың теңге. Апайым әндетіп отырып бір айда 10 көрпе тіксе, кеңседе таңнан кешке дейін  қамалған кішігірім бастық, шығыстарды оңтайландыру қорқынышты түсіне айналған мемлекеттік қызметшінің жалақысы шығады.

Жо-жоқ, бұл ұлттық қолөнер мұражайы емес. Бұл он саусағынан өнер тамған шымкенттік Бейсбековтер отбасының шаңырағы. Жоқ, өнер ордасы десек қиысты болар. Отбасы қазақы өнердің арқасында әлемнің түкпір-түпкірін туындыларымен аралап шыққан. Үндістан, Қытай, Малайзия, Кувейт, отағасы қатысқан өнер жәрмеңкелерінің санынан жаңылысады.

Болат Бейісбеков, қолөнер шебері:

Сол жерде барып көретін нәрсеміз біздің, түйгеніміз, мысалы менің өмірімде осы өнерімнің тақырыбын ата-бабамның өнеріне байланыстырған кезде ғана біз алға жүріп, бір өмірімізге жетеді екен.

Бейісбековтер қолынан шыққан туындылар, қазақ ежелден меңгерген таза былғары, киіз, түбіт сынды материалдардан жасалады. Шебердің өзі жаңа ештеңе ойлап тапқам жоқпын, тек әңгіме басында айтқан Конфуцийдің данылығын санасына сіңірген қытайлықтар сияқты, генетикалық жадыда жатқан өнерді жандандырдым дейді.

Болат Бейісбеков, қолөнер шебері:

Бұл біріншіден күнкөріс көзі, одан кейін бізге ЭКСПО келе  жатыр. Сол экспо келген кезде де өзіміздің ұлттық нақыштағы магниттер болса деген ниетпен жасап жатырмыз. Мынаны қарасаңыздар мына жерде сырмақ көрсетілген, мынау дәл көз алдарыңызда басып шыққан текемет, мұның барлығы қазақтың бұрыннан ата-бабамыздан келе жатқан өнердің кішкентай түрлерін көрсетіп жатырмыз.

Ал бұл Бейсбековтердің күні кеше ғана ойлап тапқан, бизнес тілімен айтқанда тың «стартапы». Әр саяхаттан әкелетін естелік магниттердің қазақы үлгісі. Таза былғары, ою-өрнек, құнды металл – бұл сізге Қытайдың жылтырағы емес.

ШУ магнит жасап жатқан жігіт

Болат Бейісбеков, қолөнер шебері:

Әр адамның вкустары әртүрлі болады. Әртүрлі магнитиктер жасап шығары береміз. Егер логотипін қойып бер десе, логотипін қоямыз, болмаса өз атын жазып бер десе атын жазып бере аламыз.+Шамамен мына жасалған зат 250 теңге.

Болат Бейісбеков, қолөнер шебері:

Шет елдерге барған кездерде ол жақта міндетті түрде сіз бір сыйлық алып қайтасыз. Сол сияқты қазір кризис заманы деп жатыр ғой, мұздатқыштарға жапсыратын магнитниктер дейді, соларды жасап жатырмыз.

Шебердің анти дағдарыс бағдарламасы. Болаттың бұл істі ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында жақсылап қолға аламын деген жоспары, елбасының күні кеше «өркениеттің небір мәдениетіне қанық шетелдікті Италияның «Ла-Скаласын» алдырып таңдандыра алмайсың» деген сынын еске түсірді. Яғни Болат секілді өзіміздің төл өнермен қызықтыру керек. Бейсбековтердің дендеген дағдарыс жөніндегі хабары да бір бөлек. «Пәленбай айтып жатыр ғой, теледидардан көрдік» дейді. Мұнайдың арзандауы, санкциялар сынды көпті діңкелеткен дүрмектен мүлдем алыс олар. Солай бола берсін дедік.

Болат Бейісбеков, қолөнер шебері:

Теледидардан бәрінен айтып жатады ғой, дағдарыс, дағдарыс 16 жылы қатты болады екен, 17-18-де шығамыз дегеннің өзі мен ойлаймын, адамдарға сол сөздің өзі қатты әсер етеді. Дағдарыс кезінде адамдар сол дағдарыстан шығу үшін бұрынғы істегендерін одан да қатты ойланып істейді. Өтімін қарап істейді. Сол кезде бұл дағдарыстан кейін міндетті түрде көтерілу болады екен. Біз соған сенеміз, соған Құдай қаласа жетеміз..

Жан-жақты қысқарту, үнемдеу, шектеуден шаршаған адамға біздің кейіпкерлердің әңгімесінде ғибрат бар. Жаныңа майдай жағатын ермегің табыс әкелсе, арман бар ма? Мынадай бір қызық параллель бар. Қара алтын құны құлдыраған заманда етек жеңін жиып, үнемшіл болған қоғамның бұл күні - бір заманда табиғи я саяси жұтта малынан айырылып, қынадай қырылған қазақтың күніне ұқсаңқырайды. Кешегі өрген малың - бүгінгі мұнайың, ол да шикізат. Демек шикізат сатудан арылып, өнер игеруді бір-біріне мүлдем ұқсамайтын тарихи белестерің айтып тұр.

Азамат Алдоңғаров, «Біздің уақыт»