Русский Сайттың толық нұсқасы

АЛЖИР мұражай-мемориалды кешеніне гүл шоқтары қойылды

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2016
  • 2072

Бүгін саяси репрессия құрбандарын еске алу күні. Мемлекеттік хатшы Ақмола облысындағы АЛЖИР лагерінің мұражай-мемориалды кешенінде гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. «Олар терроризм және зұлымдықпен күресіп өтті» деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова. Қызыл империяның қанды қылышынан 1921-1954 жылдары 4 миллионға жуық адам сотталып, оның 640 мыңы атылып кеткенін еске салды.  Саяси көзқарас үшін 103 мың адам «халық жауы» атанып, 25 мыңы ату жазасына кесілді. Солақай саясаттың кесірінен сол кезде қазақ интеллигенциясы мен қарапайым халық қынадай қырылған болатын.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

1925 жылы елімізді басқаруға келген Филипп Голощекин Қазақстанда кіші қазан төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары жаппай қуғындауға ұшырады. Бүгін халық қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлерінің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әруақытта есінен шығарған емес. Бұл тарихтан тағылым алып, биік мақсат, мәңгілік елге бет алған халықтың ұлағатты ісі.

Айгүл ӘДЕПБАЙ