Русский Сайттың толық нұсқасы

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ірі компанияларға сөзі өтпейді

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2014
  • 1736

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің "дөкей" компанияларға сөзі өтпейді. Жергілікті жерлерде жаңадан ашылған кәсіпорындар үшін қуат көзіне қосылу мұң болып отыр. Себебі монополистер қыруар ақша сұрап кәсіпкерлердің қалтасын қағуда. Бүгін Астанада Мәжілістің Әлеуметтік мәдени даму комитеті мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірігіп аймақтардағы іскер топ өкілдерімен тілдесті. Көпшілігі электр желілерін басқаратын монополист компанияларға шағым айтты.

Депутат Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен басқосуға өңірлер де онлайн жүйеде қосылды. Барлығы мүмкіндікті пайдаланып, мұңдарын шақты. Басым бөлігі жергілікті монополист компаниялардың әрекетіне наразы. Себебі жаңадан іске қосылған кәсіпорындарға қуат көзіне қосу қиындық туғызуда. Кәсіпкерлер палатасы құзырлы Агенттіктің монополистерге тіс батпайтынын мәлімдеді. Сондықтан биылдан қалмай Агенттік құрамына өз өкілдерін өткізуді қолға алмақшы.


Абылай Мырзахметов, ҚР Кәсіпкерлері Ұлттық палатасының басқарма төрағасы:

 

АРЕМ-нің төралқасына біздің кәсіпкерлер палатасының мүшелерінің кіруі. Шешетін дауыспен. Бұйрықтар қабылдағанда, тек қана қатысып сын айту үшін емес, ойын айтып, тоқтатуға құзіреті болуы керек.

 

Сондай-ақ негізсіз өсіп жатқан тарифтерді тұсау қажет. Ол үшін саланы жетік білетін кәсіби ұйым құру керек. "Біздегі монополистер жүйе ескірген, жылу жоғалтып жатырмыз деген желеумен бағаны үсті үстіне өсіреді. Оны кәрі-құртаң тұрғындарға түсіндіріп берумен құтылады. Ал аудит жасап, шынымен себебін тексеріп жатқан арнайы мекеме жоқ",- деді Мырзахметов. Президент Жолдауында тарифтер есебінен 500 миллиард теңге инвестиция тартылғанын атап өтті. Десе де жылу жүйесінің 70 пайызы тозған деген статистика сол күйі өзгермей қойды. Кәсіпкерлер көшіп-қонған базарлар мәселесін де көтерді. Алматылықтар жаңғыртудың нәтижесін сүреңсіз суреттермен түсіндірді.

 

Жибек Әжібаева, Базарлар қауымдастығының атқарушы директоры, Алматы қаласы:

 

Снова притащили старые контейнеры. Более или менее его под современный облицуют. На самом деле мы ничего не выигрываем. А ведь модернизация должна быть современной.

 

Ал былтыр Таразда отыз мыңға тарта саудагер істейтін базарды табан асты қала сыртына көшіруді шешкен жергілікті билік қарсы келген Ұлттық палата өкілдеріне сес көрсеткен.

 

Абылай Мырзахметов, ҚР Кәсіпкерлері Ұлттық палатасының басқарма төрағасы:

 

Мен барған соң, осы мәселені көтердік. Ақпарат құралдарынан көрсеттік. Содан соң Тараздағы біздің филиал директорына қатты қысым көрсетілген. Ол ауруханадан бір-ақ шықты. Мен Бозымбаевқа хабарласып, мұндайды доғарыңдар деп айтуға мәжбүр болдым.

 

Дариға Назарбаева,  ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы:

 

Когда в последний раз ваш аким встречался с представителями малого и среднего бизнеса?

 

Галина Казанцева, ШҚО шағын және орта бизнес жұмыскерлерінің кәсіподақ төрайымы:

 

Ни областной аким господин Сапарбаев, ни абсолютное большинство районных акимов с предпринимателями не встречается. 

 

Айтпақшы, Үкімет кәсіпкерлердің құқын қорғайтын Ұлттық палатаға жыл сайын төленетін мүшелік жарна көлемін бекітті. Кірісі 60 мың АЭК пен 1,5 млн АЭК аралығындағы кәсіпорындар жылына 160 АЭК жарна төлеуге міндетті. Ал табысы 1,5 миллион АЭК-тен жоғарылары 4400 АЭК көлемінде төлейді. Бұл дегенміз, ірі өндіріс ошақтарынан бір жылда 8 миллионнан астам, орта кәсіп иелерінен үш жүз мыңға жуық теңге алынады деген сөз. Ал шағын кәсіпкерлер 5 жылға дейін бұл міндеттен босатылған.

 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ