Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде қазақстандық студент қаза тапты

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 878

Ресейде тағы бір қазақстандық студент қаза тапты. 18 жастағы бозбала Калининградтағы биік үйлердің бірінен құлап кеткен. Мәйіті 7 ақпан күні табылды. Болжам бойынша, қаладағы университеттердің бірінде оқитын бірінші курс студенті оқудан шығып қаламын деген қорқынышпен өзін-өзі өлтірген.

Тергеу анықтағандай, сол күні дос қызымен сөйлескен жігіт үй төбесінен құлап өлгісі келетінін айтады. Полицейлер студенттің денесінен зорлық-зомбылық белгісін таппаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Осы оқиғаға қатысты "Астана" телеарнасы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хабарласқан. Алайда ведомство өкілі әзірге ақпарат бере алмайтынын айтты.


Әлия ӘШІМ