Русский Сайттың толық нұсқасы

Киевтегі Грушевский көшесіндегі қақтығыстар бүгін жалғасты

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2014
  • 1253

Украинаның «Бүркіт» арнайы жасағы Киев орталығындағы Грушевский көшесінде ереуілшілер өз беттерінше тіккен дуал қопарғыш - катапультаның көзін жойды.

Ереуілшілерге шабуыл жасаған әскерилер көз жасауратқыш газ бен жарық гранаталарын қолданды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Бүркіт» жауынгерлері демонстранттарға жағармай құйылған бөтелкелер қолданған. Ереулшілер Грушевский көшесіне жиналып, таяқтармен темір бөшкелерді соғып, қатты шу шығаруда. Екі жақ арасындағы қақтығыс жексенбі күні басталды.

Көшеге шыққан халық жасақтары жуырда қабылданған заңға наразы. Жаңа заңға сәйкес, келісілмеген митингке шыққан демонстранттарға қарсы бұдан былай қатаң шара қолданылады.

Қақтығыс салдарынан 200 адам жапа шекті. Олардың 70-ке жуығы тәртіп сақшылары. Жарақат алғандырдың арасында БАҚ өкілдері да бар. Қазір тергеу амалдары басталды. Жаппай тәртіп бұзғандар арасынан күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Самат ҚАНАҒАТОВ