Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран алтылықпен арадағы келісім-шартты жүзеге асыра бастады

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2014
  • 1272

Иран алтылықпен арадағы келісім-шартты жүзеге асыра бастады. Алдымен, Тегеран уранды байытуды 20%-ға қысқартты. Бұл ақпаратты Ислам Республикасының сыртқы істер басшысы Джавад Зариф таратты.

Дипломаттың сөзіне қарағанда, жоспарды жүзеге асыру Иран үшін тиімді болып, аймақтағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтады. Келісім-шарт аясында Тегеран алдағы алты ай ішінде уранды байытуды 20%-ға қысқартып, Аракадағы уран өндіру реактордың жұмысын тоқтатып, ядролық нысандарға МАГАТЕ инспекторларын жіберуге шешім шығарды.

Өз кезегінде Батыс Иранға қысымын азайтады. Еуроодақ өкілінің пайымдауынша, Тегеранға жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, мұнай тасымалдауға шектеу болмайды, сондай-ақ, алтын мен бағалы заттар саудасы арта түседі.

Самат ҚАНАҒАТОВ