Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия оппозициясы Женеваға келуден бас тартты

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2014
  • 1081

Швейцарияда Сирия мәселесіне байланысты конференция өтеді. Бас қосу 22-ші қаңтарға белгіленген. Бұған дейін БҰҰ-ның басшысы Пан Ги Мун конференцияға Иранның ресми өкілдерін шақырған. Бірақ, соңғы сәтте Пан Ги Мун шешімін өзгертіп, Тегеран конференцияға қатыспайды деп шешті.

Сирия оппозициясы да Женеваға келуден бас тартты. Өз кезегінде Вашингтонның ұстанымы бойынша егер Иран «Женева-1» келісімін мақұлдаған жағдайда конференцияға қатыса алады деп шешті.

Еске салайық, келісім қорытындысы бойынша, Сириядағы жағдай бейбіт түрде шешілу үшін Дамаск ресми түрде билікті өтпелі органға беруі қажет, Башар Асад билік басынан өз еркімен кетуі керек делінген. Иран «Женева-1» келіссөзін ресми мойындаған жоқ, дейді Ақ үй басшылығы. Оның үстіне Тегеран - Асадтың басты одақтасы. Олар Ираннан әскери көмек алып отыр.

Сонымен бірге, «Хезболла» жасақтары қазіргі үкімет жағында соғыс жүргізуде. АҚШ-тың ұстанымы бойынша Иран Асадты қолдауын тоқтатпай, келіссөздерге қатыспауы керек.

Самат ҚАНАҒАТОВ