Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда әуесқой көлік жүргізушілері арасында «Самырұқ-2014» автожарысы өтті

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2014
  • 1482

Қызылжарда әуесқой көлік жүргізушілері арасында «Самырұқ-2014» автожарысы өтті. Шараға ел аумағынан ең мықты деген 35 көлік жүргізушісі бақ пен бап таластырды. Қатысушылар сайыс ережесі бойынша мұздың үстімен жүруі тиіс болатын. Мұздың қалыңдығы жұқа болса да, темір тұлпар иелері жасқанып қалмады. Тек ауа-райының қолайсыздығына төтеп беру қиынға соқты, дейді. Қарлы бораннан жол көрінбеген. Жалпы бұл сайыс - үлкен жарыстың бірінші кезеңі. Оның қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіс тұғырынан астаналық команда көрінді.

Денис Аксенов, «Самырұқ» ралли-спринті сериясының ұйымдастырушысы:

Кей жерлерде жолды қар басқан. Терезеге де қар түсіп, ештеңе көрінбей кетеді. Бұл жолы қатысушылардың арасында осалы жоқ. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Демек, көлік жүргізушілері арнайы 3 жолды жүріп өтуі тиіс. Жалпы, Петропавлда мұндай жарыс екінші рет өтіп жатыр.

Абзал ҚҰРМАНКИН