Русский Сайттың толық нұсқасы

Сочиде қазақстандық спортшылар әзірге жеңіс тұғырынан көріне алмады

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 1363

Сочидегі қазақстандық споршылар әлі жеңіс тұғырынан көрінбеді.

Ел үміт артқан - биатлоншы қыз Елена Хрусталева әйелдер арасындағы жақын қашықтыққа жүгіруден небәрі 57-ші орынға табан тіреді. Аталмыш спорт түрінен бас жүлдені словакиялық спортшы Анастасия Кузьмина қанжығасына байлады. Тағы үш қазақстандық спортшы 58-ші, 64-ші және 73-ші орындарға жайғасты.

Ерлер арасындағы скиатлоннан жарыста қазақстандық Алексей Полторанин 16-шы орынды қанағат тұтса, Юлия Галышева жетінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Сочидегі ақ олимпиадаға Қазақстан 58 лицензия ұтып алған. Алайда әзірге ешбір спортшымыз жеңіс тұғырынан көріне алмады.

Әлия ӘШІМ