Сочидегі қазақстандық споршылар әлі
жеңіс тұғырынан көрінбеді.
Ел үміт артқан - биатлоншы қыз Елена
Хрусталева әйелдер арасындағы жақын қашықтыққа жүгіруден небәрі 57-ші орынға
табан тіреді. Аталмыш спорт түрінен бас жүлдені словакиялық спортшы Анастасия
Кузьмина қанжығасына байлады. Тағы үш қазақстандық спортшы 58-ші, 64-ші және
73-ші орындарға жайғасты.
Ерлер арасындағы скиатлоннан жарыста
қазақстандық Алексей Полторанин 16-шы орынды қанағат тұтса, Юлия Галышева
жетінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, Сочидегі ақ олимпиадаға
Қазақстан 58 лицензия ұтып алған. Алайда
әзірге ешбір спортшымыз жеңіс тұғырынан көріне алмады.
Әлия ӘШІМ