Русский Сайттың толық нұсқасы

Стамбулда ғаламторды қадағалауға арналған заң жобасы халық арасында наразылық тудырды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 1573

Түркияда тағы тәртіпсіздік! Стамбулдың бірқатар көшелерінде билікке қарсы шерулер басталды. Сарапшылар мұны жазда болған «Гезидегі» наразылықпен теңестіріп отыр. Ереуілге мыңдаған тұрғын қатысты.

Халық ең әуелі биліктің ғаламторға қарсы күшейтілген бақылауына қарсы шықты. Үкімет қабылдаған құжат билікке соттың санкциясынсыз-ақ интернет-сайтқа «құлып салуға» құқық береді. Мұны бұзуға әрекеттенгендерге Байланыс және телекоммуникация басқармасы кедергісіз айыппұл сала алады. Құжат күшіне енуі үшін ел президентінің қолы ғана қалды. Алайда наразы топ президенттің халық пікіріне құлақ асатынына сеніп отыр. Десе де, сарапшылар Абдулла Гюл райынан қайтпайды деп санайды.

Тайип
Реджеп Ердоған, Түркия премьер-министрі:

Бұл заңда адам өміріне бақылау орнататындай ештеңе жоқ. Керісінше, бұл интернеттегі былықты реттеуге септігін тигізеді. Біз өзге елдердің тәжірибесіне жүгінеміз. Мысалы АҚШ-ты қараңыздар. Ол елде де осындай тәртіп бар.

Әлия ӘШІМ