Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемен: Жылы жаққа ұшпай қалған құстар аш қалуда

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 1519

Өскемендік орнитологтар қыс мезгілінде өзен-көлдердегі жабайы құстарды тамақтандыру қажеттігі туралы тұрғындар арасында хабарлама таратуда. Биыл қыстың бастапқы айлары жайлы болғандықтан құстар жылы жаққа ұшпай қалып қойған, енді аяз қысып, өзен бетіне мұз қатқанда олар аш қалуда.

Шығыс Қазақстанды айтпағанда, тек қана Өскеменнің аумағындағы экологтар 9,5 мың құстың мекендеп қалғанын айтады. Олардың дені үйректер болса, арасында жылы жаққа ұшпай, өзен-көлдерде қалып қойған аққулар мен тырналар да кезігеді. Өткен жылы Өскеменді мекендеуге тағы да 2 мың үйрек қалып қойып, тұрғындардың қосымша тамақтандыруының арқасында қыстан аман шыққан болатын. Биыл да орнитологтар тұрғындардан құстарға жем шашуларын өтініп отыр.

Сергей
Стариков, орнитолог:

Бір түйір нан бір үйректі аштықтан сақтап қалуы мүмкін. Олар адамдардан қорықпайды. Сондықтан
, тұрғындардан өтінеріміз, оларға тамақ беріңіздер.

Қанат ОРАЛБЕК