Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздегі шағын-орта бизнестің дамуына Сенат депутаттарының көңілі толмайды

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2015
  • 1143

Шағын-орта бизнестің дамуына Сенат депутаттарының көңілі толмайды. «Кәсіпкерлік кодексі» жобасын қараған сенаторлардың айтуынша, соңғы 10 жылда 100-ге жуық заңнамалық актілерге кәсіпкерлікке қатысты нормалар енгізілген. «Бірақ кәсібін дөңгелетіп жүргендер 25 пайыздан аспай тұр», - деді сенатор Елеусін Сағындықов. 

Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Елбасы айтқан, 2010 жылға дейін ішкі жалпы өнімнің 30 пайызын кәсіпкерлік,  шағын орта бизнес беру тиіс, деп. Қазір 2015 жыл - ол межеге әлі жете алмай келеміз. Неге осы қозғалмайды, неге өспейді?

Бірақ кодекс жобасын таныстырған үкімет мүшелері, өсім бар, дейді. Айтуларынша, жеке кәсіпкерлер 25 емес, 31 пайызды құрайды. Ал жалпы ішкі өнімдегі шағын-орта бизнестің үлесі былтыр 18 пайызға жуықтаса, биылғы көрсеткіш - 25 пайыз.

Ғалия Жолдыбаева, ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры:

Әрине, жұмыс жасауымыз керек. Өйткені қазіргі қолданылып жатқан былтыр қанша заңдар қабылданды. Солардың барлығын жұмыс жасап, қазіргі кезде солардың барлығы орындалуы қолға алынып, барлығы қойылу керек. 25 пайыз - ол басы, ары қарай көбейтеміз.

«Кәсіпкерлік кодексінің» жобасы шағын және орта бизнеске мемлекеттің қолдауын арттырып, араласуын шектемек. Өзін-өзі реттеуге басымдық беріледі. Яғни бизнес пен мемлекеттің қарым-қатынасын жеңілдетеді деп күтіліп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ