Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалыс күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейді деп күтілуде

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2014
  • 1592

Аяз күшіне қайта мінеді. Демалыс күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Жылы атмосфералық ағымдардың өткеніне қарамастан 8-10 ақпан күндері температура климаттық нормадан 8-13 градусқа төмен болады. Бұл жөнінде республикалық мемлекеттік "Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары хабарлады. Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, батыс облыстарда түнде температура -23-28 градус болады. Солтүстікте -23 пен -33 градус аралығында суытады. "Ең суық түн Қарағанды облысында 10 ақпанда болмақ, температура бұл аймақта -28-33 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде аяз -37 градусқа жетеді. 


Ардақ Қалменова, "Қазгидромет" РМК инженері:


Алдағы күндері республикамыздың батыс аймақтары антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Ауаның температурасы түнгі сағаттарда 23-28, кей жерлерде -18 градус аяз құрады. Жекелеген аудандарда тұман, көк тайғақ. 


Базаргүл ОТЫНШИЕВА