Русский Сайттың толық нұсқасы

БҰҰ-ның жетекші мамандары Мешімбаеваны ақтауды сұрап, Президентке хат жолдады

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2014
  • 1536

Біріккен ұлттар ұйымының жетекші статистері Анар Мешімбаеваны жақтап Қазақстан Президенті атына хат жолдады. Хат авторлары сот айыпталушыны ақтау қажет деп санайды. Бүгін Есіл аудандық сотында экс-шенеуніктің адвокаты осы өтінішті оқып шықты.

Бұдан бөлек тағы бір хат оқылды. Оған шет елдік 74 азамат қол қойыпты. Мешімбаеваны қолдағандар қатарында ресейлік жазушы, америкалық эколог да бар. Олар өз хаттарында айыпталушыны жеке танитындарын баяндаған. Судья Ақмарал Исаева процесс барысында түскен бұл хаттардың канцелярияда тіркелетінін айтты. Ал бүгінгі отырыста айыпталушы санақ-парақшалары бағасын төмендету, салықтан жалтару секілді әрекеттерге қатысы болмағанын мәлімделді. Тіпті, қасиетті кітапқа жүгініп, ант-су ішті.

Анар
Мешімбаева, айыпталушы:

Я не знала
, могу поклясться на любой конституции, на любой священной книге. Ни я, ни Баянов, ни Мендибаев, мы не знали ни по субподряды, ни про обналичивание.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА