Русский Сайттың толық нұсқасы

Велоспорттан Түркия туры жалғасуда

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2015
  • 1111

Велоспорттан Түркия туры жалғасуда. Дәрежелі жарыстың бесінші кезеңі Мугла және Памуккале қаларының арасында өтті.

160 шақырымнан тұратын жарыс жолында Италия спортшысы Саша Модоло жеңіске жетті. Жазық жолдың хас шебері, мәре сызығына санаулы метрлер қалғанда, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Екінші орынды Испания спортшысы Карлос Барберо иеленсе, үшінші сатыны австралиялық Джей Маккарти еншіледі.

«Астана» командасының спортышлары Руслан Тлеубаев, Арман Қамышев, Бақтияр Қожатаев және Мақсат Аязбаев бұл кезеңді пелотонның ішінде аяқтады. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. Бес кезеңнен кейін Италия спортшысы Давиде Ребеллин көш басында тұр. 

Самат ҚАНАҒАТОВ