Тұрақтылық, тәуелсіздік,
әлеуметтік теңдік секілді басты құндылықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен
тығыз байланысты. Елбасы бейбітшілік пен тыныштықтың, этнос және дінаралық
түсінушіліктің қалаушысы. Сондықтан кезектен тыс сайлауда ұлт көшбасшысының
озып шығуы заңдылық. Осындай пікірін «Вайнах» шешен-ингуш мәдениет орталығының
төрағасы Салман Героев білдірді.
Салман Героев, «Вайнах» шешен-ингуш
мәдениет орталығының төрағасы:
Елбасының тәуелсіздік алғаннан
кейінгі негізгі мақсаты елдің экономикалық ахуалын жақсарту, әлемдік аренада
Қазақстанның абыройын арттыру болған. Осы факторлар әлеуметтің дамуына, өмір
сапасының артуына әкеледі. Сайлау алдында Нұрсұлтан Әбішұлы сайлауға қатысатын
кандидаттың нақты бағдарламасы болуы керектігін айтқан. Ол жоқ болса сайлауға
қатысудың да мәні жоқ деген. Ал елбасында ондай бағдарлама бар. 2050
Стратегиясы, бес реформа, «Нұрлы жол» экономикалық даму бағдарламасы туралы
бәрі біледі. Қазақстандықтардың таңдауы дұрыс деп санаймын.
Жұрағат БАМАН