Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық бірлестік өкілдері де сайлаудың қорытындысына орай пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2015
  • 1261

Еліміздегі қоғамдық ұйымдардың өкілдері де кезектен тыс өткен Президент сайлауының қорытындыларына қатысты жеке пікірлерімен бөлісті. Олар сайлау учаскелеріндегі дауыс берушілердің белсенділігі қазіргі Мемлекет басшысына деген сенімнің шынайы көрініс екенін атап өтті.

Асқарбек Құсайынов, «Педагогикалық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Сайлау өте жақсы, өте жоғары деңгейде өтті. Оны біз сайлау учаскелеріне барғанда көрдік, куәгер болдық. Одан соң халықпен араласқанда, бәрі қуанышын білдіріп жатты. Тек еліміздегі саясаткерлердің ғана емес, дүние жүзінің мықты үлкен саясаткерлерінің, алпауыт елдердің басшыларының алдында үлкен абыройға ие басшы басқаруы керек деген пікір бірауыздан айтылды.

Жаңыл Апетова, «Жанашыр» халықаралық қорының президенті:

Сайлау өте әділ өтті, жоғары деңгейде өтті. Ешқандай заң бұзушылықтар кездескен жоқ. Біз ғана емес, бүкіл әлем Қазақстанда өткен сайлауды мойындап отыр. Көшбасышмыз сайлауалды бағдарламасын жариялаған кезде-ақ белгілі болған, ол кісінің жеңіп шығатыны. Себебі халық оны қолдайды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ