Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Жозе Мануэль Баррозуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2015
  • 1164

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозуды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Елбасы мәртебелі мейманға Еуропалық комиссия төрағасы қызметінде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы байланысты арттыруда сіңірген еңбегі үшін алғыс айтты. Жозе Баррозудың тұсында біздің ел мен Еуропалық одақ арасындағы тауар айналымы он есеге артқан. Беделді саясаткердің еңбектерін жоғары бағалаған Нұрсұлтан Назарбаев оны Қазақстанның және жеке өзінің досы санайтынын айтты. Шын ниетінің дәлелі ретінде құрметті қонақтың кеудесіне екінші дәрежелі «Достық» орденін тақты.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Еуропалық одақ Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып қала береді. Сіз менің досымсыз, Қазақстанның досысыз. Біздің ел сізді әрқашан құшақ жайып, жылы қарсы алатынын біле жүріңіз.

Жозе Мануэль Баррозу, Еуропалық комиссияның экс-төрағасы, саясаткер:

Өткен жылдың қазан айында мен президент Назарбаевпен Брюссельде жүздестім. Сол жолы Қазақстан мен Еуропалық одақ қарым-қатынасының жаңа межеге жететіні жайлы әңгіме құрған едік. Бұл келісім екі тараптың да дамуына қажетті қадам. Менің жеке өзім үшін де, Қазақстан үшін де бұл қарым-қатынас маңызды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ