Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың суығы шығысқа қарай ығысады

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2014
  • 1409

Бүгін ауа райы туралы ақпараттан бастайық. «ҚазГидромет» орталығы қазір ғана шұғыл хабарлама таратты. Елдің басым бөлігінде күн суытады. Орталық және солтүстіктегі салқын ауа райы енді шығысқа қарай ығысады. Шілденің 3-і мен 4-і күндері ШҚО-ының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ құяды. Ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді. Жылдамдығы секундына 25 метрге жететін жел соғады деп күтілуде.

Күннің дәл осындай райы Павлодар облысында да болады деп хабарланды. Мұнда термометр көрсеткіші түнде +5 градус шамасында болады. Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігіне қалың тұман түседі.

Ал, Атырау және Батыс Қазақстан облысында аптап ыстықтың беті қайта қоймайды. Оңтүстікте аптап салдарынан өрт қаупі сақталады.

Илхам ИБРАГИМ