"Самұрық-Қазына" өндірістік компанияларға инвестиция тарту, жаңа өнім
түрлерін игеру мен заманауи технологиялар енгізуді қамтуға ден қоюы
қажет". Ақордада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма
төрағасын қабылдаған Елбасы осындай тапсырма берді. Өмірзақ Шөкеев Мемлекет
басшысына халықаралық компаниялардың деңгейіне жету үшін, «Самұрық-Қазына»
компаниялар тобын трансформациялау бағдарламасының әзірленіп жатқанын айтты.
Аталған бағдарлама дайын болғанда, оның жұмысын ресми түрде бастап беретін
халықаралық форум өткізілмек. Кездесу соңында Президент нақты тапсырмалар
берді. Әсіресе, «Самұрық-Қазынаның» өз жұмысы мен беделіне ден қоюы керектігін
қадап айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Өткен дағдарыс жағдайында банктерді шығару үшін талай жұмыс істедіңдер.
Біздің акционер болдыңдар банктерге. Қазір одан шықтық қой. Енді қазір
компанияның өз жұмысына: әр компанияның ішіндегі байлығын көбейту, одан өнімді
көбірек түсіру, жаңа технологияны ендіру жағдайлары болып отыр.
Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:
Арнайы шетелдік халықаралық компаниялар бізді салыстырды солармен. Біз
біраз көрсеткіштер бойынша олармен бәсекелестігіміз бар. Бірақ 3 негізгі
көрсеткіш - күнделікті жұмыстың тиімділігі, инвестициялардың қайтарымы, сосын
капиталдың қайтарылымы. Сол жөнінде бізге әлі көп жұмыс істеу керек. Соларды
жасау үшін арнайы бағдарлама дайындалды.
Т. АМАНАЛИЕВА