Русский Сайттың толық нұсқасы

Бейресми мәлімет бойынша, Сириялық оппозициямен келіссөздер Астанада 26 мамыр күні өтеді

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2015
  • 1103

Сирия оппозициясының келіссөздері Астанада 26 мамыр күні өтеді. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі дипломатиялық корпустағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бұл ақпаратты растаған жоқ. Бірақ жоққа да шығармады. Ол тек бұл мәселе бойынша ведомство кейінірек бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша хабарлайтынын айтты. Айта өтейік, кеше Астанада өтіп жатқан экономикалық форум барысында министр Сирия оппозициясының келіссөздері келесі аптада өтетінін мәлімдеген. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі сириялық опозицияның жекелеген мүшелерінен елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу келгенін хабарлаған еді. Ведомство басшысы өзінің жауап хатында ресми Астана Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнағанын қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол Қазақстан бейресми форматта пікір алмасу үшін диалогтық алаңын ұсынуға дайын екенін де айтты.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА