Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде қырылған киіктер саны 19 мыңнан асты

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2015
  • 1078

Қостанай облысы аумағында қырылған киіктер саны 19 мыңнан асты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жазбаша хабарлама таратты. Естеріңізге сала кетейік, түз жануарларының қырылу фактісі Амангелді ауданы Жолоба мен Қайнар елді мекендерінде мамыр айының 11 күні анықталған болатын. «Қазір бұл аумақта арнайы штаб  құрылып, ақбөкендердің өлекселерін жою жұмыстары жүргізілуде», делінген хабарламада. Төтенше жағдай орын алған аумақта 500-ден астам адам мен 76 арнайы техника жұмылдырылды -дейді департамент өкілдері. Мамандардың болжамына сәйкес, киіктердің жаппай қырылуына жұқпалы індет себеп болуы мүмкін.

Заңғар САНАЙ