Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Алматыға іссапармен келді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2016
  • 2419

Алматы қаласының тұтынушыларын нан өнімімен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетеді. Бұл туралы бүгін қала әкімі «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарымен кездесуінде айтты. Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгін аймақтарға жұмыс сапары аясында Алматыда бірнеше басқосулар өткізді. Партияның қалалық филиалында жауапты қызметкерлермен сұқбаттасып, тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жер мәселесіне қатысты ауыл шаруашылық саласының ғалымдарымен пікірлесті.

Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесуге партияның қалалық филиалындағы жауапты қызметкерлер қатысты. Жергілікті филиал 690 бастауыш партия ұйымын біріктіріп отыр. Президенттің «Нұр Отан» партиясы қызметін барлық басым бағыттар бойынша нығайту жөніндегі тапсырмасы бар. Айырықша назар  Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «100 нақты қадам» ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға салынатын болады, деді партия төрағасының бірінші орынбасары. Алматы - жастардың қаласы, мұнда 400 мыңнан астам жас бар. Оларды партиялық жұмысқа тартуға басымдық беру қажет, - деді төрағаның бірінші орынбасары.

Партия жетекшісінің бірінші орынбасары Алматы халқын 60 пайыз әлеуметтік нанмен қамтамасыз ететін зауыт ұжымымен кездесті. Жаңа технологиямен жабдықталған кәсіпорын тәулігіне 150 тонна нан-тоқаш өнімдерін шығарады. Комбинат республикадағы өндіріс көлемінен көш бастап келеді. Кәсіпорын астықты ары қарай өңдеуде ең озық технологияға мән беріп отыр.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Қазақстанның әлемдік нарыққа бидай өнімдерін шығарып қана қоюы жеткіліксіз. Біздің ел ең үлкен астық өндіруші ел ретінде осы ауыл шарушылық өнімдерінің, астық өнімдерінің одан әрі өңдейтін жаңа технологиясын әкелуі керек. Ол үшін бізге инновация керек. Ол үшін бізге шеттен инвестиция керек. Осы заманғы ең озық технолгия керек. Сонда ғана  біздің ел алдыңғы қатарлы дамыған аграрлық индустриялы ел болады. Жер реформасының басты мақсаты да осы деп білемін.

Жергілікті атқарушы билік теңгенің құнсыздануына қарамастан, өндірушілермен меморандумдар жасау  арқылы нан бағасын тұрақтандырғанын айтып отыр. Ал аталған комбинат жақында  диетологиялық тағамдар өндірісін де жолға қойыпты.  

Роза Жұбанова, инженер-технолог:

Кепкен нан өнімдері, пряник өнімдері, кондитерлік тәтті тағамдар, нан-тоқаш өімдерінің неше түрлісі бар. Жаңа цехта диеталық мақсатқа, денсаулыққа пайдалы, тұтынушылар сұранысына орай жаңа технологиямен жабдықталған бөлім жасап шығарады.

Түстен кейін партия төрағасының бірінші орынбасары Қазақ ұлттық аграрлық университеттің оқытушылар құрамы және студенттермен кездесті. Мұхтар Құл-Мұхаммед ауыл шаруашылық және жерді игеру тақырыбында дәріс оқыды.

Сайын Борбасов, профессор:

Бұл жердегі студенттердің дені - ауылдан келген жастар. Олар міне оқу бітіріп жатыр. Олар енді ауылдарына барған соң осы жерде естіген, білгенін тустарына, ауылдың халқына айтатын болады. Жер туралы реформалардың жақсы жақтарын айтатын болады.

Мұхтар Құл-Мұхаммед дәрістен соң, ғалымдар мен студенттердің сауалдарына жауап берді. Айта кетейік, партия жер реформасына қатысты құрылған жалпыұлттық пікіралмасуды ұйымдастыруда үлкен рөл атқарып отыр. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ