Русский Сайттың толық нұсқасы

Судьялар жергілікті атқарушы билікке тәуелді болмайды

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2015
  • 978

Қазақстанда судьялар тәуелсіз болуы керек. Осы мақсатта үкімет оларды баспанамен және жоғары жалақымен қамтамасыз етеді. Тың реформа судьяларды жергілікті жердегі билікке тәуелділіктен құтқармақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева айтты.  

Сондай-ақ судьяларды оқыту барысына да жіті мән беріледі. Жоғары балл жинаған озат студенттер тәжірибелерін жетілдіріп, олардың магистратурадағы оқуы бір жылға дейін ұзартылмақ. Ал магистрлерді дайындау үшін сот академиясы құрылмақ. Онда тек үздіктер білім алады, аса тәжірибелі судьялар дәріс береді. Егер студент оқуын тәмамдаған соң судья болып қызмет еткісі келмесе, оған 5 жыл көлемінде осы салада еңбектеніп, мемлекеттің өзіне жұмсаған шығынын қайтаруына тура келеді. Болашақ сульялар сонымен қатар психологиялық тест тапсыруға да міндеттеледі. Және біліктілік емтихандары қатаңдай түспек. Судьялардың мемлекеттік тілді жетік білуі де маңызды.

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазір инвестициялық сот құрайын деп отырмыз. Оған мүше болып баратын адам міндетті түрде ағылшын тілін білу керек. Ал ағылшын тілін білу міндетті болса, мемлекеттің атынан үкім шығарып жүрген адамдар неге қазақ тілін білмеске, деген сұрақ туындайды. Сондықтан қазақ тілін білу оларға да міндетті деп есептеймін.

Баспасөз мәслихаты барысында муниципалды полиция жүйесі туралы да айтылды. Рамазан Сәрпеков муниципалды полиция Қазақстанда 2017 жылдан бастап пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ