Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат отырысында бас банкир сенатордан сөгіс естіді

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1204

Кездеспей кеткен бір бейне! Бұл Бас банкир Қайрат Келімбетовтің сипаттамасы. Бүгін Ұлттық банк төрағасы сенатор Светлана Жалмағанбетовадан сөгіс естіді.

Депутаттың айтуынша, төрағаның орын тағы әсер етті ме, соңғы уақытта Келімбетов Сенатқа келуді қойған. Экс-төраға Марченко да сенаторлардан осы тектес ескертуді жиі еститін. Бүгін жоғарғы палатада 2014-16-шы жылдарға арналған бюджет жобасы нақтыланды.

Девальвацияға байланысты Ұлттық қордан бөлінетін қаржы көлемі қосымша 100 миллиард теңгеге артып, 1 триллион 480 миллиард теңгеге жетті. Қосымша шығындардың артқанын айта келе, Жалмағанбетова бастапқыда девальвацияның артықшылығын жарыса айтқандардан түсінік беруді талап етті.

Светлана Жалмағанбетова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Неге екені, Келімбетов жолдас Ұлттық банк төрағасы болғалы, Сенатқа келуді қойды. Министрлер Досаев, Сұлтанов пен Ұлттық банк төрағасы Келімбетов девальвация арқасында экономикамыз өседі, бюджетке түсім артады деп бөркін аспанға атқан. Қайда сол өсім? Бізге, басқа адамдарға айтып, дәлелдеп баққан еді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ