Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ пен Иран ядролық отын қорын Қазақстанға тездетіп жіберуге ниетті

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2015
  • 947

АҚШ пен Иран байытылған уранды Қазақстанға жіберуге дайындалып жатыр. Қазір Америка, Иран ядролық отын қорының бір бөлігін біздің елге тездетіп жіберу үшін, келісім жасауға тырысуда. Бұл Тегераннан санкциялардың алынуын жеделдете түседі, - деп жазады The Wall Street Journal.

АҚШ-тың ресми өкілдері, келісім жасалса, санкциялар Иранда ақпан айында өтетін парламенттік сайлауға дейін алынатынын айтқан. Американың ресми өкілдері Иранның қараша айында баллистикалық зымыранды сынақтан өткізгенін анықтап, бұл ақпаратты растады. Ал бұл сынақ - БҰҰ қарарына қайшы. АҚШ мемлекеттік департаментіде Иранға зымырандарды шығаруға тыйым салу бойынша жаңа санкциялар қолданылуы мүмкіндігін жоққа шығармайды, - деп жазады басылым.

Ал Қазақстан МАГАТЭ-мен тамыз айында келісімге қол қойды. Байытылған уран халықаралық банкі Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының базасында салынатын болды. Сол кезде арнамызға сұхбат берген энергетика министрі мұның ешқандай қауіп төндірмейтінін айтқан еді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ