Келер
жылдан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру басталады.
Маңызды құжаттың аясында қабылданған 80 жаңа заң күшіне енеді. Оның ішінде
халық алдында есеп беруші мемлекет құруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік
органдардың шешім қабылдау процесіне қоғамдық институттар мен азаматтардың
қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобалары да бар. Сондай-ақ, «Нұрлы
жол» бағдарламасын жүзеге асыру жалғаса бермек.
Бұл туралы «Нұр
Отан»
партиясының Баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Мәжіліс депутаты Серік
Сейдуманов айтты. Партияның Саяси кеңесінің мүшесі Анатолий Башмаков пен
қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Владимир Тельнов та Мемлекет
басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру аясында жасалып жатқан мемлекеттік
қолдау шаралары жайлы әңгімеледі. Әлемдік экономикадағы қиындықтарға орай
кешенді құрылымдық қайта құрулар жүзеге аспақ. Мұның алдындағы әлемдік
дағдарыстар жағдайында Елбасы жүргізген саясаттың бірегей тәжірибесі бұл жолы
да елімізді жаңа белестерге шығарады,- дейді Серік Сейдуманов.
Серік
Сейдуманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
"Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Әлеуметтік саланы қаржыландыру
көлемі қысқармайды, екіншіден, жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы
қарқынды жүреді. Осы жылдар ішінде 300 мың жаңа жұмыс орындары ашылады. Осы жұмыс орындары ашылғанда, жұмысшылар
керек болады ғой, соларды дайындау үшін техникалық-кәсіптік оқу орындары тегін болады. Бір жағынан, екіншіден, жаңа мамандар керек, соны қабылдаймыз.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА