Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Білім және Ғылым министрлігі алқа жиналысын өткізді

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2015
  • 1404

Келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарды таңдаған түлектер шығармашылық емтиханды тапсыруға міндеттеледі. Бұл жөнінде бүгін Білім және Ғылым министрлігінің алқа жиналысында ведомствоның жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов мәлімдеді.

Бұл - болашақ ұстаздың мәртебесін асыру үшін жасалған қадамдардың бірі. Ол үшін арнайы "Педагогикалық әдеп" қағидаларын да бекіткен. Осылайша оқушылар мен ата-аналарды мұғалімнің қадір-қасиеті мен намысын құрметтеуге міндеттемек. Тағы бір жаңалық, бірыңғай оқушы киім үлгісін енді тек министрлік бекітетін болады.

Әмірхан Рахымжанов, ҚР  Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы:

Оқушыларды тәртіпке салып, назарын сәнді киімге аудармау үшін, министрлік өз құзіретіне біріңғай киім үлгісін бекітуді алып отыр. Ата-аналар енгізілетін нормаларды қатаң түрде сақтануға міндетті болады.

Білім және Ғылым министрлігі жақын арада тегін техникалық мамандықтардың тізімін бекітеді. Еске салайық, президент халыққа жолдауында 2017 жылдан бастап жастарға тегін кәсіби-техникалық білім берілетінін айтқан болатын.
  
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА