Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы бизнес-жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуде

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2015
  • 1524

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімі жұмысын енді ғана бастаған кәсіпкерлерге  қолдау көрсетуде. Түрлі жобаларды жүзеге асыруға кіріскен бизнес иелері әсіресе құжат рәсімдеуде біршама кедергілерге кезігетіні белгілі. Осы ретте нұротандықтар оларға демеу болып, мейлінше қол ұшын созып келеді.

Бөдене өсірумен айналысатын Жанат Қасылбаеваның шаруашылығында құс саны әу баста 100-ден аспайтын. Қазір олар 5 мыңнан асты.

Жанат Қасылбаева, бөдене фермасының қожайыны:

Ең алдымен «сатып алушыларды қайдан табамын» деген сауал толғандырды. Яғни осындай өнімнің бар екендігінен жұртты құлағдар ету керек болды. Өйткені  тұрғындардың көбі ол туралы біле бермейді.

Бизнес жоспары мен жасаған есептерін алып, Жанат «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келеді. Саяси ұйым өкілдері оған сауда нүктесін ашуға көмектескен. Соның арқасында бөдене жұмыртқасын сату ісі оң жолға қойылды.

Жанат Қасылбаева, бөдене фермасының қожайыны:

Орын берді, тегін. Баға нарықтағыдан төмен болмаса, жоғары емес. Алушыларым көп. Кірісім де жетерлік.

Евгений Ефановтың да жағдайы осыған ұқсас. Нарықты зерттеген кәсіпкер, полипропилен қалта шығаруды қолға алады. Экспорт және инвестиция бойынша ұлттық агенттіктің ақпарынша, бұл өнімнің 90 пайызы бізге Қытайдан әкелінеді. Сарапшылар сырттан келетін өнімдегі қауіпті формальдегид мөлшері 19 есе көп екенін анықтаған. Ал өскемендік іскер экологиялық таза тауар ұсынып отыр.

Евгений  Ефанов, «Темппро» ЖШС директоры:

Бізге қолдау көрсетті. Несие алып, өз ісімізді бастадық. Қазір жағдайымыз жақсы. Серіктестікте 70 адам жұмыс істейді. Жылына 15 миллион қаптама өндіреміз. 

Самал Бақтияров, «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы қоғамдық қабылдау бөлімі меңгерушісі:

Біздің қоғамдық қабылдау бөлмеге жас кәсіпкерлер келген. Бұлардың бастапқы мәселесі - рұқсаттық құжаттамаларды әзірлеу, бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясы тарапынан, оның төрағасы тарапынан құжаттардың тізімі азаюда. Алты есе керекті құжаттар азайтылды. Яғни жас кәсіпкерлер мемлекет тарапынан, «Нұр Отан» партиясы тарапынан көмек алуда.

Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауға 4 мыңдай арыз-шағым түскен. Бүгінде оның тең жартысы оң шешімін тапты. Жас кәсіпкерлерді қолдаудың механизмі де жасалған. Күні кеше «Нұр Отан» партиясына өз жобаларымен келген іскерлер енді кәсібін жаңа бастағалы отырған жандарға қолдау көрсетуде.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ