Русский Сайттың толық нұсқасы

Желтоқсан...

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2015
  • 7332

Дәл осы аптада Желтоқсан оқиғасын қалай еске алмаймыз.

1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО өкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы мағынасы зор оқиға.

Тіпті көзін кіреуке шалмаған орыстардың өзі Желтоқсан оқиғасы кеңес өкіметінің «өлімін» жақындатқан бірінші наразылық акциясы екенін біледі: -Жастар бірінші хатшы қызметіне орыс ұлтының өкілі тағайындалғанына наразылық білдірді. Бұл – одақтық республикалардағы басқа да толқулардың басы болатын», - деп жазған-ды, ресейлік тележурналистердің ішіндегі сыйлауға тұратын Леонид Парфенов, өзінің  «Намедни. Наше время» кітабында.

...Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім, 
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен, 
ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!

-деп, ақын Ерлан ЖҮНІС жырлағандай, «Менің атым – Тәуелсіздік!»

Алайда,

...Шындық кейде қалың «арпа ішіндегі бір бидай»,

Неге әділдік күресінде жұрттың көбі «Тымпибай?»

Рухсыздыққа кім шын мінез көрсетпесе қырғидай,

Ондайлардың бүгінгі аты – Ырбикүл мен Жырбибай. 

-деп аяқталатын Мұхтар Шахановтың да толғауы бар...  «Біздің уақытты» «astanatv.kz» сайтынан оқып, көре аласыздар. Келесі сенбіде жүздескенше!