"Жұмыс
берушілер Ғылыми зерттеу авторларына сыйақы төлеуге міндеттеледі". Мәжіліс
депутаты Уәлихан Бишімбаев осыны мәлімдеді. Бүгін халық қалаулысы "Нұр
Отан" партиясының баспасөз орталығында «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
туралы» заң жобасын таныстырды.
Айтуынша, бүгінде ғылыми жобалар мен зерттеулердің барлығы лабораториядан аса
алмайды. Тек бірен-сараны ғана өндіріске қосылып жатыр. Бұл теріс тенденция, ғылымды қаржыландыру деңгейі жыл сайын артып келе жатқанына қарамастан, байқалып
отыр. Коммерцияландыру туралы жаңа Заң осы олқылықтарды реттейтін болады -
дейді депутат. Құжаттың басты мақсаты -
ғылыми жобаны дайын өнімге айналдыру. Осы орайда ғылыми зерттеу авторларын
қаржылық қызықтыру механизмдері енгізілген.
Уәлихан
Бишімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Ғалым,
автор өзінің патентін шығарса, жұмыс беруші - университет, Ғылыми
зерттеу институты, стартап компания - олар орта мөлшердегі жалақыны төлеу керек.
Ол - сыйақы. Ал екіншіден, егер жұмыс беруші өзінің өндірісін жасаса, 100 орта
есептің мөлшерімен сыйақыны төлеу керек.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА