Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» хоккейшілері
Новокузнецк қаласының «Металлург» клубын 6-2 есебімен ойсырата ұтты. Ал Илья
Ильин философия докторы атанды. Алматыда диссертация қорғаған ол болашақта
спорттан қол үзбек. Самат Қанағатов
тарқатады.
Ауыр
атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин ғылым жобасын қорғаған
соң, БАҚ өкілдерімен жүздесті. Ол өзінің спорттық карьерасын 32 жасында
аяқтайтынын жеткізді. Қазір чемпионнның жасы 27-де. Спортшы келесі жылы Рио-Де
Жанейрода өтетін Олимпиадаға дайындалып жүргенін жеткізді. Оған қоса, Жасұлан
Қыдырбаев пен Александр Зайчиков сынды болашақ чемпиондарды тәрбиелеп
жатыр.
Илья
Ильин, ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы:
Шынымды
айтсам 32 жасымда спортшы және бапкер ретінде карьерамды аяқтап, басқа жұмысқа
барсам деймін. Мысалы, менеджерлік қызметке. Қазір дайындықтан бөлек,
бапкерлікті де алып жүрмін. Ең бастысы нәтиже бар. Чемпиондар шығып жатыр.
Сондықтан жұмысты жалғастыра береміз.
Ал,
Новокузнецкіде өткен құрлықты хоккей лигасында, астаналық «Барыс» ойыншылары
бірінші кезеңде қарсыластың қақпасына жауапсыз үш шайба соқты. Алдымен, Максим
Худяков есеп ашса, артынан Александр Липин мен Найджел Доус командаластарының
қошеметіне бөленді. Үзілістен кейінде алған бетінен қайтпаған «Барыс»
хоккейшілері есепті 5-0-ге жеткізді. Бұл сәттерде мергендігімен танылған Дастин
Бойд пен Майк Ландин «Металлург» қақпашысы Владислав Подьяпольскийді қапы
қалдырды. Қарымта шабуылға шыққан айдын иелері соңғы үзіліс алдында екі
шайбамен жауап қайтарды. Бірақ, Металлург» ойыншыларының қуанышы көпке
созылмады. Үшінші кезеңда Максим Худяков дубльдің авторы атанып, бұл ойынның
соңғы нүктесін қойды.
Келесі
кездесуін Барыс» командасы ертең өткізеді. Бұл сында Андрей Назаровтың
шәкірттері Новосибирск қаласының «Сибирь» клубына қонаққа барады.
Самат
ҚАНАҒАТОВ