Шетелдегі қандастарымызбен
байланысты бір орталықтан ұйымдастыру керек. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы
төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабай осындай пікір білдірді. Ол бұл туралы «Мирас» республикалық қоғамдық
кеңесінің «Шетелдегі қазақ диаспорасының мәдениеті мен тілінің дамуына
Қазақстан тарапынан қолдау көрсету» тақырыбындағы кеңейтілген отырыста айтты.
Оның ойынша, қазақ диаспоралары мәдени-рухани құндылықтарға, білім-ғылымға және
баспасөзге мұқтаж. Осы аталған үш мәселе шешілмей, шетелдегі қазақ
диаспорасының жағдайы түзелмейді, деген пікірде.
Отырысқа «Нұр Отан»
партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, Мәжіліс пен Сенат депутаттары,
көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. Шара қорытындысы бойынша шетелдегі қазақ мәдени орталықтары мен Қазақстандағы уәкілетті
органдардың өзара қарым-қатынасын нығайту жайлы нақты ұсыныстар айтылды.
Сұлтанәлі Балғабаев, Дүниежүзі
қазақтарының қауымдастығы төрағасының орынбасары:
Мұндағы айтылған ең үлкен
мәселе шетелдегі ағайындармен байланысты бір орталықтан ұйымдастырып жүргізу.
Өйткені жасыратыны жоқ, қазір мұнымен кім айналысатынын белгіссіз. Әрбір
министрлік өз алдына жеке-жеке. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы өз алдына
жеке-жеке. Соныменен шашырап кетіп жатыр. Әйтпеген жағдайда жасыратын жоқ
шетелдегі қазақтарымыз ең алдымен ұлтттық ана тілінен, мәдениетінен,
салт-дәстүрінен айырылып қалуы мүмкін.
Айта өтейік, ЭКСПО-2017 халықыралық көрмесінің қарсаңында
Әлем қазақтарының 5-ші құрылтайы өткізілмек. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт
вице-министрі Марат Әзілханов мәлімдеді. Әлем қазақтарының құрылтайы шетелдегі қазақтармен байланысты нығайту
мақсатында 1992 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда шет елдерде 5 миллионға жуық қандасымыз бар.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА