Иранның
ядролық бағдарламасы бойынша жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын
жүзеге асыру ісінде ілгерілеу бар. Қазақстан мұны қолдайды.
Ел Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев бұған байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Қазақстан Иранның
ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу ісіне нақты үлес
қосты. 2013 жылы Алматыда «алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздердің қайта
жаңғыруына ықпал еткен, Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің
екі кезеңі өткен еді. Президент оның нәтижесі бойынша екі жылдан кейін
қабылданған іс-қимыл жоспарын үлкен жетістік деп бағалады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ