Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайы ашылды

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2015
  • 3047

Тұңғыш президенті күнінде Астанада Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайы ашылды. Мәдениет ошағы тұрғындар, оның ішінде өскелең ұрпақ отандық әскердің тарихымен танысып, патриоттық тәрбиені шыңдайтын рухани орталығы болмақ. Салтанатты ашылуда «Жас Ұлан» әскери мектебінің оқушыларымен кездескен Елбасы мұражайдың жастар үшін салынғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Музейді әдейі сендер көрсін деп жасадық. Жастар келіп көрсін деп, бұрынғы ата-бабаларының қалай елімізді, жерімізді қорғаған, кешегі Ұлы Отан соғысында қанша батырлар болған, қандай қару-жарақ. Сендер жас кездеріңнен әскери қызметке бейімделіп келе жатсыңдар. «Жас Ұлан» мектебін мен салғыздым әдейі. Ұнайды ғой бәріңе? Дәл солай. Біраз жерден келіп отырсыңдар. Бақытты болыңдар, аман-есен болыңдар.

Мұражайда Қазақстан Қарулы күштерінің залы мен түрлі көрмелер бар. Ежелгі дәуір мен өткен ғасырдағы және заманауи қару-жарақ кезең-кезеңімен қойылған. Тарихшы Зейнолла Самашев мұражай жәдігерлері тас дәуіріндегі әскери мәдениет пен бүгінгі  әскердің жетістіктерін түгел қамтыған дейді. Қазақ хандығы тұсындағы, Ұлы Отан соғысы, тіпті Кеңес-Ауған соғысында ерлік көрсеткен қазақ жігіттері туралы ақпаратты да мұражайдан табуға болады.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымының докторы:

Біздің батыр бабаларымыздың, батырлығының арқасында, ержүректігінің арқасында, солардың барлығын жаулардан қорғаудың арқасында келген байлық, жер, сондықтан да кейінгі ұрпаққа осылардың барлығын көрсетіп, айтып, санасына сіңіретін үлкен бір орталық болуы керек, патриоттық тәрбие жағынан, басқа жағынан да.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ