Қашқын
банкир Мұхтар Әбләзов Қазақстанға қайтарылмайды. Бұл туралы Астанада жүрген
Ресей Федерациясының бас прокуроры Юрий Чайка мәлімдеді. Оның айтуынша,
Әбләзовті Франциядан Ресейге қайтару үшін көрші мемлекет көп күш жұмсаған
көрінеді. Яғни Чайка "енді қашқын банкирдің сотқа тек Ресей аумағында
тартылатынын" айтты.
Юрий
Чайка, РФ бас прокуроры:
Біз
Әбләзовке қатысты қыруар жұмыс атқардық, сондықтан оны Қазақстанға
экстрадициялау туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Экстрадиция жасалса, тек Ресейге
ғана жасалады. Біз Францияның барлық сот инстанцияларынан өттік, олар Әбләзовті
Ресейге беру туралы ұстанымды қолдады. Бұған ол елдің билігі де қарсы емес.
Енді мемлекеттік кеңестің шешімін күтеміз. Ол Ресейдің өзінен бірнеше миллиард
доллар жымқырғандықтан, барлық айып Ресей аумағында тағылады.
Еске
салсақ, Қазақстан мен Ресейден бөлек, Украина да
Әблязовты экстрадициялаудан дәмелі. Экс-банкир үш мемлекеттен жалпы
сомасы 6 миллиард доллардан астам қаржы жымқырған. Ол екі жыл бұрын Францияда
тұтқындалған-ды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ