Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысының әкімі аймақтағы жағдай жөнінде есеп берді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2015
  • 1017

Жаңа жылдан бастап ақтөбелік көліктер газбен жүретін болады. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз отырысын өткізген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев айтты. Ол, алғашқы кезекте бюджеттік мекемелердің көліктері газға көшеді, дейді. Бұл ең алдымен қаржы  шығыстарын екі есе қысқартуға, сондай-ақ жанар-жағармай үнеміне мүмкіндік бермек. Осы орайда облыс орталығында газ құю бекеттерінің құрылысы басталды, - дейді әкім.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Ең арзан газ біздің өңірде. Шамамен бір көлікті газға ауыстыру 130-170 мың теңгені құрайды.  Бүгін бензиннің бір литрінің бағасы 120 теңгеден 139 теңгеге дейін жетсе, ал газға көшкенде оның бір литрі 23 теңгені құрайды. Осы орайда газбен жүру қаншалықты арзанға түсетінін байқауға болады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы жат діни ағым жетегінде кеткендер мәселесі аймақта әлі өзекті болып отырғанын жасырмады. Бірақ салафиттердің саны екі есеге азайған. Дегенмен, бұл мәселе жіті бақылауда. Экстермистік көзқарастағы адамдар 4 ауданда шоғырланған. Жақында Темір ауданында арнайы орталық ашылып, мамандар жұмыс істеп жатыр, деді әкім.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА