Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы «Нұрлы жол» мемелекеттік бағдарламасының орындалуын бақылайды

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2015
  • 1053

«Нұр Отан» партиясы «Нұрлы жол» мемелекеттік бағдарламасының орындалуын қатаң бақылауға алады. Бұл жөнінде партия қабырғасында өткен баспасөз отырысында мәлімденді. Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына қандай да кедергі келтіріп, олқылықтар жіберген тұлғалар жазадан сытылмайды, - дейді партия өкілдері. Қазіргі таңда мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын бағдарламаны бақылаудың жаңа тетіктері енгізілуде. Басты мақсат – «Нұрлы жолдың» ашықтығын қамтамасыз ету, - дейді партиялықтар. Бүгінде арнайы жауапкершілікке тарту механизмдері де қарастырылған.

Жігер Қалиев, «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры:

Осындай жағдайлар болғанда, материалдарды құқық қорғау органдарына береміз, біріншіден. Екіншіден, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңес отырысына осындай фактілер тіркелсе, шығарамыз.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партия төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі:

Әр сатыда әрдайым қаралып отырады да, қандай да бір үлкен өрескел кемшіліктер болатын болса, ешқайсысы да тысқары қалмайды біздің назарымыздан. Дер кезінде қарап, тиісті құқық қорғау органдарына жүгінеміз. Ол құқық қорғау органдарымен тиісті меморандумдар жасасқан. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА